Қазақстандық UFC-де төртінші рет жеңіске жетті
Қазақстандық UFC-де төртінші рет жеңіске жетті
Сурет: championat.com
223
оқылды

Қазақстанның 28 жастағы тумасы Рафаэль "Атаман" Физиев UFC-де бесінші жекпе-жегін өткізді. Аталған жекпе-жек Хьюстонда (Техас, АҚШ) UFC 265 турнирі аясында өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Физиев үшін бұл жеңіс мансабындағы оныншы және қатарынан төртінші болды. Рафаэль UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде 2019 жылдың сәуірінде ресейлік Магомед Мұстафаевтан (14-3) жеңілген болатын. Бұл оның жалғыз жеңілісі. Гринге келетін болсақ, бұл оның қатарынан екінші жеңілісі.