Павлодарда жанып жатқан пәтерден зейнеткер құтқарылды
Павлодарда жанып жатқан пәтерден зейнеткер құтқарылды
207
оқылды
Павлодарда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Pavlodarnews. Баспалдақпен 37 адам өз бетімен сыртқа шығып үлгерген, оның алтауы - бала. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қамзин көшесі, 160 мекенжайы бойынша екінші қабатта орналасқан бір бөлмелі пәтерде үй заттары, жиһаз жанған.
- Тілсіз жау 15 шаршы метр алаңды шарпыған. Құтқарушылар үш буынды саты арқылы екінші қабатқа көтерілді. Өрт сөндіруші, кіші сержант А.Тлен 1950 жылы туған ер адамды сыртқа шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жағдайы орташа, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ, - дейді департаментте.