Қарағандыда той иелері мониторингтік топтың өкілдерін қуып шықты (видео)
Қарағандыда той иелері мониторингтік топтың өкілдерін қуып шықты (видео)
265
оқылды
Қарағанды қаласындағы "Күнгей" шағынауданында орналасқан коттедждердің бірінде оқыс оқиға болды. Үй иелері халық көп жиналған отбасылық іс-шара өткізген. Мұны байқаған көршілері бірден "Сенім 109" қызметкерлеріне қоңырау шалыпты. Әйтсе де, жедел жеткен мониторингтік топ өкілдері үйге кіре алмады, деп хабарлады "Телеграмдағы" "Вечерная Караганда" арнасы. Жекежайдың қожайындары шақырусыз келген мобилдік топтың өкілдерін есіктен сыртқа итеріп шығарды. Бұл сәт видеоға түсіп қалған. Әйтсе де, олардың бұл қылығы жауапкершіліктен құтқарып қала алмады. Іске полицейлер араласып, тәртіпке бағынғысы келмеген той иесіне айыппұл салған. Ал шақырылған қонақтардың жеке бастары анықталып, түсініктеме алынды. https://www.youtube.com/watch?v=Yd9nCvzT8VA&t=43s