Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.
"Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ғалым, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан күрдтер қауымдастығының басшысы Князь Ибрагимұлы Мирзоевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Бүкіл саналы ғұмырын ғылым мен қоғамға арнаған Князь Ибрагимұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне өз үлесін қосқан белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлға болды.
"Марқұмның жарқын бейнесі, атқарған қызметі мен еңбектері жақындары мен әріптестерінің есінде мәңгілік қалады", - делінген ведомство ақпаратында.