Ақтөбе облысында Оpel көлігінің жүргізушісі өзінің бір жасар баласын басып кетті.
Polisia.kz-тің мәліметінше, оқиға 7 тамыз күні болған. Opel Astra көлігінің 48 жастағы жүргізушісі өз үйінің ауласында артқа жүрмек болғанда бір жасар баласын басып кеткен. Салдарынан сәби басынан ауыр жарақат алып, жедел түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.