Астанада триатлоннан Азия чемпионаты өткізілмейтін болды
Астанада  триатлоннан Азия чемпионаты өткізілмейтін болды
©https://24.kz/
214
оқылды

3-5 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтанда триатлоннан U19, U23 және Mixed Relay санатындағы Азия чемпионаты өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда сайыс коронавирустың кеңінен таралуына байланысты өткізілмейтін болды. Бұл  жайында Olympic.kz хабарлады.

«Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі бірінші орында тұрғандықтан, сондай-ақ, еліміздегі бас санитардың қаулысына сәйкес, ұйымдастыру комитеті Нұр-Сұлтандағы Азия біріншілігін өткізбеу туралы шешім қабылдады. Келесі жылы елдегі эпидахуал тұрақталып, жоспарланған жарыстар мерзімінде өтеді деп сенеміз», – делінген федерацияның хабарламасында.