Астананың сол жағалауындағы "Мисон" тұрғын үй кешенінде ер адам мүгедек қызды зорлады. Желіде оқиға куәгерлері түсірген видео тарады. Олардың айтуынша, 40-50 жас шамасындағы ер адам тұрғын үйдің кіреберісінде мүгедек қызды зорлаған.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті бұған қатысты түсініктеме берді.
Ведомство мәліметінше, 8 тамыз сағат 20.42-де "102" нөміріне тұрғын үй кіреберісінде қыздың зорланғаны туралы ақпарат түсті.
"29 жастағы тұрғын үйдің ауласында серуендеп келген. Содан пәтеріне кірмек болып, көпқабатты үйге кірген. Сол кезде екінші қабатта оны белгісіз ер адам зорлаған", - деді баспасөз қызметі.
Полиция қылмыс жасады деген күдікпен 47 жастағы ер адамды ұстады. Осы фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.