Олар 2019 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың желтоқсанына дейінгі кезеңде жалған іссапарлар ресімдеп, 8,9 млн. теңгені қалтаға басқан. Бұл істі Павлодар қаласының №2 соты қараған.
– 2018 жылдың шілдесінде үш мемлекеттік қызметші 1,6 млн. теңге көлемінде кең форматты сканер сатып алуға бөлінген мемлекеттік бюджеттен ақша жымқырған, – деп хабарлады облыстық сотта.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық Сәулет басқармасы мемлекеттік қызметкерлерінің кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, тиісті құжаттармен және сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденген. Сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті бірнеше рет ірі мөлшерде ысырап еткені үшін ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1), 2), 3) - тармақтарына сәйкес бюджет қаражатын жымқыру бойынша басқарма басшысы, әкімшілік бөлімінің басшысы, бас маман, бөлім басшысының міндетін атқарушы сотталды.
Сонымен қатар тағы бір павлодарлық Қылмыстық кодекстің 364-бабы 1-бөлігі бойынша кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін сотталды.