Талдықорған - Қалбатау - Өскемен: жол құрылысының қарқыны қандай?
Талдықорған - Қалбатау - Өскемен: жол құрылысының қарқыны қандай?
©Айтжан Мұрзанов
600
оқылды

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында еліміздің бірқатар аймағында жол құрылысы жүріп жатыр. Соның бірі – «Талдықорған - Қалбатау - Өскемен» тас жолы.

[caption id="attachment_155267" align="alignnone" width="1200"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Бұл Республикалық маңызы бар тас жолдың құрылысы 2017-2023 жылдар аралығына есептелген. Алайда биылдың өзінде Алматы облысына тиесілі жол құрылысы аяқталуға жақын қалды. [caption id="attachment_155263" align="alignnone" width="1200"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Жаңадан салынып жатқан жолдың жалпы ұзындығы – 763 шақырым. Оның 313 шақырымы Алматы облысы аумағына тиесілі. [caption id="attachment_155264" align="alignnone" width="1200"]Талдыкорган Өскемен жолы 02 ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Трассаның 31 шақырымы – 4 жолақты, калған 282 шақырымы – 2 жолақты. Талдықорған -Үшарал аралығында 5 құрылыс алаңы бар. Талдықорғаннан шыға берісте 38 шақырым болатын №1 учаскеде құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталған. [caption id="attachment_155262" align="alignnone" width="1200"]Талдыкорган Ушарал жолы 04 ©Айтжан Мұрзанов[/caption] – Жоспар бойынша бұл учаскені 2023 жылы тапсыруымыз керек, дегенмен, 2022 жылдың жазында аяқтаймыз деп отырмыз. Құрылыстағы жұмысшылардың 90%-ы жергілікті халық, – дейді «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының Алматы облысы филиалы басшысының орынбасары Нұрқат Ақылтаев. [caption id="attachment_155268" align="alignnone" width="1200"]жол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Талдықорғаннан Үшарал қаласына дейінгі 300 шақырымдық аралықта 2 мыңдай адам жұмыспен қамтылып, 1,5 мың техника тартылған. [caption id="attachment_155270" align="alignnone" width="1200"]жана мост курлысы Лепсы озені 04 жол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Алматы - Өскемен арасында жарты ғасырдан бері жаңармаған 26 көпір мен 340 құбыр қайта салынды. [caption id="attachment_155274" align="alignnone" width="1200"]Лепсы озенің плотинасы 03 ©Айтжан Мұрзанов[/caption] [caption id="attachment_155271" align="alignnone" width="1200"]жол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Алматы облысына қарасты Сарқан мен Алакөл аудандары түйіскен тұстағы Лепсі өзенінен өтуге арналған жаңа көпірдің құрылысы күні-түні жүргізілуде. Көпірдің ұзындығы – 17,5 метр, ауыр жүктерді көтеруге қауқарлы дейді мамандар. [caption id="attachment_155272" align="alignnone" width="1200"]жол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] [caption id="attachment_155273" align="alignnone" width="1200"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Сондай-ақ, еліміздің республикалық, облыстық маңызы бар жолдарының бойында дәмхана, дүкендер, әжетхана, жуыну бөлмелері, намазханасы бар 35 заманауи жол бойы қызметі нысаны салынады. Сондай қызмет көрсететін кешеннің бірі Алматы-Қапшағай тас жолы бойында жұмысын бастады. [caption id="attachment_155276" align="alignnone" width="1200"]Архарлы асу (2) - жол ©Айтжан Мұрзанов[/caption]