Жолдардың мәселесі шешілмек
Жолдардың мәселесі шешілмек
227
оқылды

Жолдардың жағдайы ха­лықты үнемі алаңдатады. Мә­селен, биыл «Nur Otan» пар­тия­сының қолдауымен халық­тың өтініштері мен шағым­дары ең көп түскен жолдарға күр­делі жөндеу жүргізу қолға алын­бақ. Бұл туралы партия­ның Ақмола облыстық филиа­лының саяси бюро отыры­сын­да айтылды.

Атап айтқанда, «Бабатай-Волгодоновка-Береке-Бұлақсай» 0-15 шақырым автомобиль жол­дарына; «Қабанбай батыр-Жал­ғызқұдық-Оразақ» бағы­тындағы 2 шақырым автомобиль көпіріне, «Жолымбет-Шортанды-При­город­ное» бағытындағы 29 шақы­рым автомобиль жолдарына күр­делі жөндеу жүргізу және «Новый Колутон-Ақкөл-Азат-Минское» бағытындағы Азат-Минск 172-220 шақырымдық бөлігін, Қорғалжын ауылына кіреберіс жол 0-7 шақы­рым, «Петровка-Улан-Маринов­ка» бағытындағы 55-108 шақырым автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзір­леніп жатыр. Жалпы, биыл Ақмола облысы бойынша автомобиль жолдарын жөндеу бағытында 232 жоба қолға алынып отыр. Нәтижесінде, об­лыстық, аудандық маңыздағы және елді мекендердегі көше жол­дарының 800 шақырымы жөндеу­ден өтеді. Бұл жолдардың сапасын 82% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізуге мүмкіндік бе­реді. Яғни, жоспар орындалса, партияның Жол картасында бе­кітілген межеге қол жеткізіледі. Биыл жергілікті маңыздағы жолдарды жөндеуге 38 млрд теңге қарастырылса, қосымша 12,2 млрд теңге бөлінді. Сала мамандарының айтуынша, жұмыс өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. Халық қалау­лылары жолдарды жөндеу кезінде елді мекендерге кіреберістегі және көшелердегі ақпараттық жол бел­гілерін орнату бойынша халықтың өтінішін жеткізді. Сондай-ақ жиында 4 инвести­циялық жобаның мерзімінде аяқ­талмау қаупінің себептері мен оны жою бағытында атқарылып жатқан шаралар талқыланды. Мәселен, Ерейментау ауданындағы қуатты­лығы 50 МВт жел электростанса­сы­ның құрылысын аяқтау кейінге ше­герілуде. Себебі эпидемио­ло­гиялық жағдайға байланысты ше­телден әкелінетін қондырғыларды жеткізуде қиындықтар туындаған. Алайда бұл жобаны орын­дау­шы­ларды жауапкершіліктен босат­пайды. Сондықтан бұл мәселе ал­­дағы жиналыстарда бүге-ші­гесіне дейін қаралып, талқы­ла­натын болды.

Әбілмансұр ЖАСАН