Кеше, 8 тамыз күні Қапшағай жағалауында бала адасып, ата-анасын таба алмай қалған.
Кішкентай қыздың жылап, ата-анасын таба алмай жүргенін көрген куәгерлер Қапшағай су қоймасын патрульдеп жүрген құтқарушыларға хабарлаған. Ал оның жоғалып кеткенін әке-шешесі байқамаған.
“Құтқарушыларға төрт жасар қыздың анасын табу үшін 30 минуттай уақыт кетті. Қыздың ата-анасы баланың жоғалғаны туралы тіпті білмеген, олар жағада демалып отырған. Тіпті, құтқарушылардың "сіз балаңызды жоғалтып алмадыңыз ба?" деген сұрағына әуелде "жоқ" деген. Артынан құтқарушыларды қуып жетіп, олардың қыздары жоқ екенін айтты”, – деп мәлімдеді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.