Жүргізушілердің шағымдарымен танысты
Жүргізушілердің шағымдарымен танысты
184
оқылды

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы жедел медициналық жәрдем қызметі жүргізушілерінің мәселелерін қарады.

Бұған дейін бірқатар БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем қызметі жүргізу­ші­лерінің коро­на­вирус  инфекциясымен (КВИ) ауыратын пациенттерге шақырулар үшін үстемеақылардан айыру, сондай-ақ шұғыл шақыруларға қызмет көрсету кезінде жылдамдық режимінің асып кетуі мәселесі бойынша шағымдары жарияланған болатын. Комиссия отырысында жүргізушілердің талаптарын талқылау және сол жерде шешім қабылдау үшін тікелей жүргізушілермен және жедел медициналық көмек қызметінің басшылығымен жұмыс кездесуін ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Арнайы жұмыс тобы құрылды. Топ құрамына комиссия төрағасы, депутат Әміржан Нәбиев, депутат, Алматы қалалық кардиологиялық орталығының директоры Алмат Қодасбаев, комиссия мүшелері, сарапшылар және Алматы қаласы Қо­ғамдық денсаулық басқармасының басшылығы кірді. Жұмыс тобы жүргізушілердің қыз­метімен танысты. ЖМЖС ди­ректорының  дәлелдері, жүргізу­шілердің талаптары және сарап­шылардың қорытындылары тың­далды. Кездесу қорытындысы бойын­ша жүргізушілерге заңнама жә­не ЖМКС тиісті ұсынымдары шең­берінде түсініктеме  берілді. Атал­ған мәселе «Nur Otan» пар­тия­сының бақылауында болады.  

Әбілмансұр ЖАСАН