Отбасыларды қолдау орталықтарын аралады
Отбасыларды қолдау орталықтарын аралады

«Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиалы жанындағы Әйелдер, отбасы және балалардың құқықтары мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері мен партия өкілдері отба­сы мен балаларды бейімдеу жә­не қолдау объектілеріне мо­ни­­торинг  жұмыстарын жүр­­гізді. Аталған іс-шара «Ба­­­­­қытты от­басы» партиялық жо­­басы ая­сында ұйым­дас­ты­рыл­ды.

Отбасы мен балаларды қолдау ор­талықтарының мониторингі ны­сандардың көпшілігінде материалдық-техникалық базалардың жаңартылғанын және орталықтардың қызметіне сәйкес келетінін ай­қындап берді.  Орталықтардың ере­жесіне сәйкес мұндағы қызмет­тердің алуан түрлеріне жіті бақылау жүргізілді. Тексеріс барысында төсек-орындардың жеткілікті болуы, мекемелердегі тәртіп пен та­за­лық аталған орталық қыз­мет­кер­лерінің өз қызметін жоғары дең­гейде атқаратынын анық көрсетті. Сондай-ақ мониторинг бары­сын­да аталған орталықтардың қыз­меті бойынша бірқатар сұрақ пен ұсыныс туындады. Ұсыным жа­салып, тиісті құзыретті органдарға жіберілетін болады.

А.ЖАСАН