«Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиалы жанындағы Әйелдер, отбасы және балалардың құқықтары мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері мен партия өкілдері отбасы мен балаларды бейімдеу және қолдау объектілеріне мониторинг жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шара «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Отбасы мен балаларды қолдау орталықтарының мониторингі нысандардың көпшілігінде материалдық-техникалық базалардың жаңартылғанын және орталықтардың қызметіне сәйкес келетінін айқындап берді. Орталықтардың ережесіне сәйкес мұндағы қызметтердің алуан түрлеріне жіті бақылау жүргізілді. Тексеріс барысында төсек-орындардың жеткілікті болуы, мекемелердегі тәртіп пен тазалық аталған орталық қызметкерлерінің өз қызметін жоғары деңгейде атқаратынын анық көрсетті. Сондай-ақ мониторинг барысында аталған орталықтардың қызметі бойынша бірқатар сұрақ пен ұсыныс туындады. Ұсыным жасалып, тиісті құзыретті органдарға жіберілетін болады.А.ЖАСАН