Бас прокурор есеп берді
Бас прокурор есеп берді
378
оқылды

Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәуле­тов­ті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қыз­меті ха­бар­лады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас про­курордың еліміздегі заң нор­ма­ларының сақталуы жөніндегі есебін тыңдады. Президентке елдегі қылмыс­тық ахуал, соның ішінде алаяқ­тық, балаларға қатысты зорлық-зом­былық, заңсыз есірткі ай­на­лымы және басқа да қауіпті құ­қық­бұзушылықтарға қарсы кү­рес­ті үйлестіру шаралары туралы а­қ­парат берілді. Ғизат Нұрдәулетов қыл­мыс­тық іс жүргізудің үш буынды мо­­­­деліне өтудің алғашқы кезеңі­нің іске асырылу барысы және 2022 жылдан бастап енгізіле бас­тай­тын екінші кезеңге дайындық жө­нінде есеп берді. Мемлекет басшысына ел ішін­­де резонанс тудырған қыл­мыс­тық істерді тергеу нәтижелері жә­не қоғамдық мүдделерді қор­ғау жөніндегі жұмыстардың қо­ры­­­тындысы туралы баяндалды. Бас прокурордың мәліметіне сәй­­кес, прокуратура органдары­ның қабылдаған шараларының нә­тижесінде жыл басынан бері 5 мың­ға жуық азаматтың, 92 мың кә­сіпкердің құқығы қорғалып, бюд­жетке 17 миллиард теңге қай­тарыл­ған. 11 мыңнан астам тұлға түр­лі жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ қылмыстық-құ­қық саласындағы халықаралық ын­тымақтастық мәселелері тал­қыланды. Атап айтқанда, Бас про­курор өзге елдермен жаса­ла­тын келісімдер мен алда болатын көпжақты іс-шараларға қатысу жоспарларымен бөлісті. Қасым-Жомарт Тоқаев қо­ғам­дық өмірдің барлық сала­сын­да заң үстемдігін қамтамасыз ету­­­дің маңызын атап өтіп, Ғизат Нұрдәулетовке бірқатар тапсыр­ма берді.