Грузияға ұшып кеткен ұшақ Алматыға қайта оралды
Грузияға ұшып кеткен ұшақ Алматыға қайта оралды
©azattyq-ruhy.kz
220
оқылды

Тбилисиге ұшып шыққан Air Astana ұшағы Алматыға қайта оралды. Болжам бойынша әуе кемесін найзағай соғуы мүмкін. Бұл туралы Air Astana-ның баспасөз қызметі хабарлады.

"9 тамызда "Алматы-Тбилиси" бағыты бойынша KC139 рейсін орындаған борт сағат 20:30-да Алматы уақытымен ұшып шыққан. Алайда найзағай түскеннен Алматыға қайта оралды. Ұшақ қалыпты режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Компанияның хабарлауынша, бортты ауыстырғаннан кейін жолаушылар сағат 00.40-та діттеген жеріне ұшып кеткен.

"Ұшақ толық тексерілді, найзағай соққан ізі анықталмады. Әуе кемесі қайтадан қолданысқа берілді", - деп хабарлады Air Astana.