Елорда мектептері жаңа оқу жылында қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
Елорда мектептері жаңа оқу жылында қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов
204
оқылды
Елордалық білім басқармасының баспасөз қызметі жаңа оқу жылына дайындық қалай жүріп жатқанын хабарлады. Барлық білім беру ұйымдарында «Ashyq» жүйесі орнатылады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021-2022 оқу жылын дәстүрлі форматта бастау жоспарлануда. Ол үшін қала мектептерінде оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар жүргізіледі. Қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық білім беру ұйымдары Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жұмыс істейді», - деп хабарлады қалалық білім басқармасы.
Жаңа оқу жылы қарсаңында барлық оқу ұйымдарында «Ashyq» жүйесі орнатылады.
«Бұл шара оқу процесін карантиндік шектеу кезінде білім беру нысандарының жұмысын дәстүрлі форматта жалғастыруына мүмкіндік береді», — дейді білім басқармасы.