Вакцинацияға қарсы болған бүкіл отбасы мүшесі коронавирустан көз жұмды
Вакцинацияға қарсы болған бүкіл отбасы мүшесі коронавирустан көз жұмды
© azattyq-ruhy.kz
304
оқылды
Португалияда жағымсыз оқиға болды. Вакцина салдыруға түбегейлі қарсы болған отбасы түгелімен COVID-19-дан қайтыс болды. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі қазақстандық ведомствоаралық комиссиясы Telegrаm-каналында хабарлады.  Бұл туралы марқұмдардың туысы Фрэнсис Гонсалвес айтты. Ер адамның айтуынша, анасы, әкесі және ағасы екпеге қарсы үгіт-насихат тобының айтқандарына сеніп, иммундаудан бас тартты. Барлығы коронавирус жұқтырып, бір апта ішінде қайтыс болды. Гонсалвес бұл фактіні жариялаудағы мақсатын вакцина салуға басқа қарсыластарына ой салып, бұл бұрыс әрекеттерін тоқтату деп түсіндірді. Қазіргі уақытта Португалия билігі елдің бірқатар аудандарында, соның ішінде астанасы Лиссабонда коменданттық сағат енгізді.