Жыл басынан бері қайталама тұрғын үй құны 16%-ға өсті.
LS агенттігінің мәліметінше, биыл шілдеде көпқабатты тұрғын үйдің бір шаршы метрі 270,4 мың теңгеден сатылды. Бұл 2020 жылғы желтоқсандағы бағамен салыстырғанда 16%-ға артық. Жылдық өсім 24,9%-ды құрайды.
Жаңа тұрғын үй бір айда 0,4%-ға, ал жыл басынан бері 9,7%-ға, бір шаршы метрі үшін 339,9 мың теңгеге дейін қымбаттады.
Жалға берілетін тұрғын үйлердің бір шаршы метрі бір жыл ішінде 11,9%-ға, 1,8 мың теңгеге дейін қымбаттады. Жаңа тұрғын үй бағасы жыл басынан бері 8% өскен.
Сонымен бірге Кrisha.kz порталының 10 тамыздағы деректері бойынша Алматыдағы барлық тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа құны 516,3 мың теңге, Нұр-Сұлтанда – 383,3 мың теңге, Шымкентте – 337,3 мың теңге болған.