AirPods жыры немесе Алматы облысы әкімдігі JETISY ЭРОН ДРОН турниріне қанша қаржы жұмсады?
AirPods жыры немесе Алматы облысы әкімдігі JETISY ЭРОН ДРОН турниріне қанша қаржы жұмсады?
Коллаж: А. Ахметқазы
354
оқылды

Талдықорғанда екінші жыл қатарынан бюджет қаржысына Apple компаниясының AirPods Pro құлаққабын сатып алған.  Бұл туралы PROTENGE Telegram арнасы жазды. Алматы облысының әкімдігі бір AirPods-ты JETISY ЭРОН ДРОН турнирінің жеңімпазына алынғанын айтқан. Бірақ, бір қызығы - бұл турнир екінші рет өткізілген және екінші жылы бюджеті 3 миллионға көбейіп, жеңімпаздарға берілетін сыйлық құны түсіп кеткен.

Төрт жұп құлаққапқа жарты миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Нарықта 92 мың теңге тұратын құлаққапты 120 мың теңгеге сатып алған

Алғаш болып 2020 жылы наурызда Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы AirPods Pro-ның 3 данасына тапсырыс берген. Оған барлығы 419 мың теңге жұмсамақшы болған. Бірақ, ашық конкурста құлаққаптың бір данасын 120 мың теңгеге, сонда барлығын 360 мың теңгеге жеткізіп бермекші болған AIS-NUR ЖШС жеңіске жеткен.  width= Екінші тапсырысты биыл мамырдың соңында Алматы облысының "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі тапсырыс берген. Олар 120 мың теңгеге бір дана AirPods Pro сатып алмақшы болған. Бірақ, ашық конкурста Turar Nasenov атты өнім беруші бір құлаққапты 97 996 теңгеге жеткізіп беретін болып, жеңіске жеткен.
Қазір AirPods Pro құлаққабының нарықтағы бағасы 92 мың теңгеден басталады. Қандай жағдайда да "қалтаға қарай көсілген" жөн. Сол үшін Pro емес қарапайым AirPods-тың бағасын көрген едік. Оның нарықтағы бағасы 60 мың теңгеден басталады. 
Айта кетейік, кейін "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі AirPods Pro-ны Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша алғаны анықталды. [caption id="attachment_155597" align="aligncenter" width="1200"] width= Кесте: Жұмабек Айқынұлы[/caption] Алматы облысының әкімдігі Тengrinews.kz порталына жауабында соңғы сатып алынған құлаққаптың Jetisy dron jarysy турнирінен үшінші орын алған қатысушыға берілетінін түсіндірген.
"Осы жылы шілденің ортасында "Рухани Жаңғыру" жобалық кеңсесі Jetisy dron jarysy турнирін ұйымдастырды. Іс-шара ішкі туризмді дамыту және жастар арасында ақпарат және цифрлық технологиялар саласындағы сауатты арттыру мақсатында өткізілді. Ұйымдастырушылар осы турнирде үшінші орын алған қатысушыға жоғарыда аталған AirPods-ты табыстады. Бірінші орын алған қатысушыға дрон, ал екінші орынға смартфон берілді", - делінген әкімдік жауабында.
Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы дронды 136 мың теңгеге, REALME 7 смартфонын 127 мың теңгеге сатып алған. Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жылдық жоспары бойынша екінші рет өткізілетін JETISY ЭРОН ДРОН (JETİSÝ dron jarysy) жарысын ұйымдастыруға 12 млн. 787 мың теңге бөлінген. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, турнирге республика бойынша 25 команда қатысқан. [caption id="attachment_155596" align="aligncenter" width="921"]JETISY ЭРОН ДРОН 2021 JETISY ЭРОН ДРОН 2021 жеңімпаздары. Фото: Еl.kz[/caption] JETISY ЭРОН ДРОН турнирі 2020 жылы алғаш рет өткен, 25 команда қатысқан. Оған жылдық бюджет жоспары бойынша 9 млн. 303 мың теңге бөлген.  Онда бірінші орын алған қатысушыға 1 миллион, екінші орынға  500 мың теңге, үшінші орынға 250 мың теңге ақшалай сыйақы берген.  [caption id="attachment_155589" align="aligncenter" width="800"]JETISY ЭРОН ДРОН 2020 JETISY ЭРОН ДРОН 2020 туринирінде 2-орын алған қарағандылық Тимофей Муравьев. Фото: Inform.kz[/caption]