Алматы-Бішкек тасжолында екі жеңіл көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты. 9 тамызда Жамбыл ауданында сағат 20:30 шамасында «Mercedes-Benz» пен «Audi» маркалы автокөлігі соқтығысып, Audi көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында мерт болған.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің алдын ала мәліметі бойынша, «Mercedes-Benz» көлігінің 50 жастағы жүргізушісі жол үстінде бұрылған «Scania» жүк көлігімен соқтығыспас үшін қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Audi» автокөлігімен соқтығысты. Оқиға орнында бес адам көз жұмды, ішінде кәмелетке толмаған қыз бар.
Бірнеше адамның өмірін қиған жол апатына қатысты іс ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлiк басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша жүргізіледі.