Таразда 21 жастағы алаяқ қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласының полиция басқармасына 44 жастағы әйел адам хабарласып, белгісіз адам оның телефонына қоңырау шалып, автокөлігіне 290 500 теңге көлемінде айыппұл салынғанын айтып, сеніміне кіріп, алдау жолымен ақша аудартып алғанын айтып шағымданған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Тараз қаласының 21 жастағы тұрғынын анықтады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.