БҚО-да ер адам анасын өлтірді деген күдікке ілінді
БҚО-да ер адам анасын өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: pixabay.com
217
оқылды
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 61 жастағы анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Полиция мәліметі бойынша, тәртіп сақшылары әйелдің мәйітін тапқаннан кейін ер адамды ізін суытпай қолға түсірген, – деп хабарлайды "Мой город" басылымы.
"Іздеу шараларына барлық жеке құрам жұмылдырылды. Мерт болған әйелдің 35 жастағы ұлы күдікке ілінді. Ол жалған ақпарат арқылы тергеуге кедергі келтіруге тырысты. Күдікті мен анасының арасында дау шығып, ер адам әйелді кеуде тұсынан ұрғаны анықталды. Әйел  алған дене жарақатынан көз жұмған", – деді Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшысы Махсудхан Әбіләзімов.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.