Жалғызбасты анаға баспана берілді
Жалғызбасты анаға баспана берілді
311
оқылды

Биыл 16 наурыз күні мәслихат хатшысы Өрісбай Бұ­хар­ұлы­­ның қоғамдық қабылдауына Шарбұлақ ауылының тұр­ғыны, мүмкіндігі шектеулі  жалғыз­басты ана  Б.Кемелбек кө­мек сұрап келген бола­тын. Ол әңгіме арасында үйінің жоқ­тығын, әлеу­мет­тік көмекке мұқтаж екенін айтып, партия­лық­­тардан тұрақ­ты жұмысқа орналастыруға жәр­дем­десуін және тұрғын үй мә­селесі бойынша көмек көр­сетуін сұрады.

Кейін осы мәселе жөнінде  «Nur Otan» партиясының мүшесі, Шарбұлақ ауылының әкімі Жандос Арыстанбекұлына тап­сыр­ма беріліп, аталған жағдай бойын­ша жұмыс  атқарылды. Өз ке­зе­гінде Жандос Үсенбеков Шар­бұлақ ауылының кәсіпкер­ле­рін ұйымдастырып, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі ана Б.Кемел­бек­ке пәтер кілтін табыстады. Со­­нымен қатар Б.Кемелбектен бө­лек тағы да көмекке мұқтаж 2 от­басына пәтер кілті берілді. баспана Партия мүшесі мұнымен тоқ­тап қалмай, қоғамдық қабылдауға ке­ліп көмек сұраған көпбалалы ана­ның қоғамдық жұмысқа орна­ласуына қол ұшын созды. Қуа­ныш­қа кенел­ген жалғызбасты ана өтінішінің аяқсыз қалмағанына, баспаналы болғанына, жұмысқа орналасқа­ны­на жәрдемін тигізген партиялық­тарға алғысын жау­дыр­ды. Айта кетейік, аталған қайы­рым­ды іске Түркістан облыстық мәс­лихатының депутаты Нұржан Са­пабекұлы  да өз үлесін қосты.  

Әбілмансұр ЖАСАН