Қырғыз елінен жеңіспен оралды
Қырғыз елінен жеңіспен оралды
© prosports.kz
255
оқылды

Қырғызстан Республикасында кикбоксингтен спорттық клубтар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Аталмыш чемпионатқа Сарыағаш ауданының «Қажы­мұқан атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мекте­бінің» командасы қатысып, жүлделі орындармен оралды.

 Атап айтқанда, әртүрлі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Ерасыл және Нұрасыл Ергешбай жүлделі 1-орын,  Бекарыс Талип  2-орын, ал  Ақарыс Талип 3-орынға қол жеткізген. Жалпы, жарысқа Сарыағаш ауданынан 5 спортшы аттанған болатын. 300-ден аса спортшы қатысқан жарыста Сарыағаш ауданының ағайынды-егіздері осылайша алтыннан алқа тағып, жеңіспен оралды. Табандылық танытып, Азия чемпионатында еліміздің мерейін үстем еткен жас спортшыларға ерекше құрмет көрсетілді.

А.ЖАСАНҰЛЫ