Алматыда үлкен жол апаты:  жүргізуші көлікте қысылып қалды (фото)
Алматыда үлкен жол апаты:  жүргізуші көлікте қысылып қалды (фото)
©sputnik
166
оқылды

Алматы қаласындағы Дулати көшесінде үш көлік жол апатына түсті.

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes-Benz Е-класс көлігі Дулати көшесімен оңтүстік бағытта қатты жылдамдықпен келе жатқан. Набережная көшесінен сәл жоғарыда автокөлік артқы оң жақ бөлігімен сол бағытта келе жатып Hyundai Getz көлігімен соқтығысқан.

[caption id="attachment_155545" align="alignnone" width="1024"]көлік ©https://sputnik.kz/[/caption] Осыдан кейін Mercedes жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Daewoo Nexia көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан Nexia дәмхана аумағына ұшып түсті. [caption id="attachment_155543" align="alignnone" width="1024"]көлік ©sputnik[/caption] Daewoo Nexia жүргізушісі көлікте қысылып қалған. Оқиға орнына құтқару қызметі мен жедел жәрдем шақырылды. Құтқарушылар зардап шеккен адамды шығару үшін гидравликалық құралдардың көмегімен автокөліктің шанағын кесіп, шығарып алды. Қазір ол ауруханада, жағдайы ауыр. Жол полициясы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.