Солтүстік Қазақстанда белгісіз індеттен мал қырылып жатыр
Солтүстік Қазақстанда белгісіз індеттен мал қырылып жатыр
©https://paryz.kz
277
оқылды

Кеселден қазірдің өзінде бірнеше ірі қара қырылды. Індеттен, әсіресе, Уәлиханов ауданындағы Мортық ауылының тұрғындары зардап шекті.

31-арнаның  хабарлауынша, Мортық ауылында қазірдің өзінде белгісіз індеттен оннан астам ірі қара өлген. Тұрғындар өрісте өлген малын видеоға түсіріп, желіде жариялады. Айтуларынша, кеселден негізінен 3-4 айлық бұзаулар мен жас тайыншалар қырылған.

Жас малдың алдымен артқы аяғы ақсап, денесінде ісік пайда болады. Ал кейбірінің іші қарысып, бір тәулікке жетпей өлген. Белгісіз ауру адамға жұғуы мүмкін деп қауіптенгендіктен, тұрғындар олардың өлексесін өртеуге кірісті. Мал дәрігерлері ірі қараның қандай індеттен өлгенін әлі анықтай алмай отыр. Әзірге қарасан ауруына шалдығуы мүмкін деген болжам жасады.

"Мал дәрігерлері барып тексерді. Бірақ қандай аурудан өлгенін анықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Себебі, мал өлекселерінен 2-3 сағаттың ішінде патологиялық талдау алып үлгермеген. Малдар өртелген аумақ залалсыздандырылды", – деді СҚО Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайырлы Қазанов.