385 мың оқушыға бюджеттен көмек көрсетіледі
385 мың оқушыға бюджеттен көмек көрсетіледі
©А.Ахметқазы
305
оқылды

385 мың оқушыға білім беру қорынан көмек көрсетілуі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы балалар контингенті 385 мыңға жетті. Оларға жалпы білім беру қорынан киім-кешек, кеңсе заттарын сатып алуға көмек көрсетіледі. Ол үшін жергілікті бюджеттен арнайы қаржы бөлінді. Бірақ, осал отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетуге бөлінген қаржы көлемі азайып, біркелкі бөлінбеген. Мәселен, Атырау облысын айталық. Қазір осы жұмыспен айналысып жатырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің дерегінше, 31 мыңнан астам бала автобуспен тасымалдауды қажет етеді. Мектептерде тасымалдауды ұйымдастыру үшін 1 мыңнан астам автобус бар. Автобус паркі 454 бірлікке жаңартылған. «Мектептерді автобустармен қамтамасыз ету бойынша арнаулы жол картасы бекітілді. Лизинг арқылы 515 жаңа автобус сатып алу жоспарланған», - деді ол.