85 400 деген субсидия беріліп жатқан жоқ
85 400 деген субсидия беріліп жатқан жоқ
©caravan.kz
204
оқылды

Әлеуметтік желіде жұмыссыздар мен табысы төмен қазақстандықтар мемлекеттен экономикалық субсидия алуға өтініш бере алатыны туралы ақпарат кеңінен таралып жатыр. Алайда бұл ақпарды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарды.

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан, жұмыссыз азаматтар мен табысы төмен қазақстандықтар 85 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алатындығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мұндай субсидиялар жоқ екенін хабарлайды", - делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Құзырлы ведомства азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден алуды сұрайды.