Алдағы күндері елімізде ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендейді
Алдағы күндері елімізде ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендейді
Фото: pixabay.com
188
оқылды
"Қазгидромет" РМК 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.  Батыс Сібірде орналасқан циклон республиканың шығыс бөлігінде әлі де қолайсыз ауа-райы қалыптастырады. Мұнда жаңбыр жауады. Шығыста және оңтүстік-шығыста найзағаймен, бұршақпен және екпінді желмен бірге қатты жаңбыр жауады. Республиканың батыс жартысында ауа-райы Жаңа Жер облыстарынан келетін антициклонмен анықталады, температураның төмендеуі күтіледі. Елдің солтүстік, орталық және шығыс бөлігінде ауа температурасы түнде 5-13-ке дейін төмендейді, күндіз 15-23 градус болады деп күтілуде. Оңтүстікте түнде 8-18-ге дейін, күндіз 18-34 градусқа дейін болжануда. Батыста түнде аздап төмендейді, 17-27 градус болады, күндіз 30-40 градусқа дейін ысиды.