Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғаларын әшкереледі.
Олар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 80 млн. теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деген күдікке ілінді.
Аталған тұлғалар ұсталып, Шымкент қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.