Ақтөбе облысында кәмелет жасына толмаған қызбен кездескен шенеунік ұсталды
Ақтөбе облысында кәмелет жасына толмаған қызбен кездескен шенеунік ұсталды
© basnews.kz
225
оқылды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен шенеуніктің ұсталғаны туралы айтты, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Былтыр Ақтөбе облысында педофилияға қатысы бар деген күдікпен шенеунік ұсталды. Ол 16 жасқа толмаған қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен. Ең сорақысы бұл әрекетке қызды анасы мәжбүрлеген", – делінген министрдің  Қазақстан Республикасы судьяларының "Zanger" журналындағы мақаласында.
Материал Polisia.kz. сайтында да жарияланды. Ішкі істер министрінің ақпаратына сүйенсек, күдікті қамауға алынды. Қызын жезөкшелікке тартқан анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Министр соңғы бес айда кәмелетке толмағандарға қатысты мыңнан аса қылмыс тіркелгенін айтты. Ол әрбір екінші қылмыс үйде жасалатынын атап өтті. Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлықтың 70 проценті де баланың сеніміне ие болған жақыны тарапынан жасалады. Олардың қатарында туған және өгей әкесі, туыстары, көршілері мен таныстары бар.