Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы онлайн форматта өтті.

Отырыста облыстық сай­лауал­ды бағдарламаның «Білім беру сапасын жақсарту» бағыты бойы­нша ІІІ тоқсанда атқарыл­ған жұмыстары туралы Маңғыс­тау облыстық Білім басқарма­сы­ның басшысы С.Төлебаеваның есе­бі тыңдалды. – Жаңа оқу жылында облыс бойы­н­ша 530 білім беру нысаны жұ­мысын бастайды. Олар – 324 ба­лабақша, 143 жалпы орта білім беретін күндізгі мектеп, 15 же­ке­мен­шік мектеп, 5 кешкі мектеп, 16 арнайы білім беру ұйымдары, 27 колледж. Осы жылы ашылады деп жоспарланған 1 490 орындық 19 балабақшаның 16-ы ашылды, 3-6 жастағы балаларды балабақ­шамен қамту – 100%, 2-6 жасты қамту – 67,6%. Балабақ­шаларға жол­дама беру жұмысын оңтай­лан­дыру үшін биыл мамыр айы­нан бастап Цифрлық даму бас­қар­масымен бірлікте арнайы ақ­параттық жүйе енгізу жұ­мыс­тарын бастадық. Қыркүйек айы­ның басында іске қосылады, – де­ді С.Төлебаева. Оның айтуынша, жаңа оқу жы­лында облыс мектептеріне 166 мыңға жуық оқушы келеді деп кү­тілуде, былтырғы жылмен са­лыстырғанда оқушы контингенті 8 мыңға артық болуы мүмкін. 2021 жылы 1 сәуірден 1 тамызға дейін 1-сыныпқа қабылдау жүр­гі­зілді. Дегенмен дәлелді себеп­тер­мен кеш қалған балалардың құжаттары әлі де қабылданады. Мектептерде санитарлық-эпи­демиологиялық талапты сақ­тау мақсатында ішкі қаражаттан 108 млн теңге қаржыға дезин­фек­циялық құралдар сатып алын­ды. Барлық білім беру ұйым­­­дарына Ashyq бағдарламасы ен­гізілді. Осы оқу жылында мектеп­тер­де 15 395 мұғалім қызмет етеді деп кү­тілуде. Зейнет жасындағы 375 пе­дагог бар. Жаңа оқу жылында 644 жас маман мектепке орна­ла­сады, қабылдау жұмыстары жүр­гі­зілуде. 119 орыс тілі мен әде­бие­ті пәні мұғалімдеріне қажеттілік бар. Осы ретте өңірдегі педагог ма­­ман­дар даярлайтын 7 колледж­ді биыл 60, Есенов университетін 24, облыс әкімінің грантымен бас­қа қалада оқитын 1 орыс тілі әде­биеті пәні мұғалімі келіп, 85 кадр тапшылығы өтеледі. Қалған 34 кадр тапшылығы зейнет жа­сындағы мұғалімдер есебінен және басқа мұғалімдерге қосым­ша жүктеме беру арқылы уақыт­ша шешілетін болады. Басқа өңір­ден маман тарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл 3 маман келеді. Келген мамандарға тұрғын үй мә­селесі қарастырылған. Бүгінде мектептердегі вак­цина алуға қарсы көрсеткіші жоқ 10 943 педагогтің 75,2%-ы, кіші қызметкерлердің 52,6 %-ы екпе алды. Бұл бағыттағы жұмыс жал­ғасуда, қыркүйекке дейін барлық мұғалім вакцина салды. Мемлекеттік білім беру тап­сыры­сы бойынша техникалық жә­не кәсіптік білім алған түлек­тер­ді оқу орындарын аяқтағаннан кейінгі жұмысқа орналасу көр­сеткіші туралы С.Төлебаева: – Облыстағы 27 колледждің жал­­пы контингенті 19 723 сту­дент­ті құрайды. Биыл 1-курсқа 6 445 студент қабылданады. Оның ішін­де мемлекеттік тапсырыспен қа­былданатыны – 4 631 студент, «Ең­бек» бағдарламасы бойынша – 1 131 студент. 2021 жылы техни­ка­лық және кәсіптік білім беру ұйым­дарында бітіруші түлек саны – 4 408, оның ішінде мем­ле­­­­кеттік тапсырыс бойынша – 3 289 адам. Жұмыспен қамтыл­ған­дар және өзін-өзі жұмыспен қам­ты­ғандар­мен бірге – 3 173 адам. Мемл­екет­тік тапсырыс бойынша жұмыспен қамтылғандар және өзін-өзі жұ­мыс­пен қам­тыған­дар­мен бірге – 2 212, жоғары оқу ор­­нында білі­мін жалғастыруға ниет білдіргендер саны – 428 адам, – деді. Келесі «Білім беру сапасын жақ­сарту» бағытының 112, 113, 114-тармақтары бойынша ІІІ тоқ­санда атқарылған жұмыстар тура­лы Маңғыстау облыстық Құры­лыс, сәулет және қала құ­ры­лысы басқармасы бас­шы­сы­ның орынбасары А.Манкешова­ның есебі тыңдалды. Жалпы, «Nur Otan» партиясының 2025 жыл­ға дейінгі сайлауалды бағ­дарламасы аясында Маңғыстау об­лысында 26 мектептің құры­лы­сы жоспарланған. Соның ішінде 2021 жылы – 4 мектеп; 2022 жы­лы – 7 мектеп; 2023, 2024, 2025 жыл­дары – 5 мектептен. – Биыл Маңғыстау облы­сын­да 4 мектептің құрылысын аяқтау жос­парлануда. Олар – Ақтау қа­ласының Шығыс-1 тұрғын ала­бындағы 300 орындық жалпы білім беру мектебінің құрылысы, Ақтау қаласының 32А шағы­нау­данындағы №29 орта мектепке 300 орынға арналған жапсаржай құ­рылысы, Бейнеу ауданы Бей­неу ауылында Күйкен атындағы орта мектепке бөлек тұратын оқу корпусының құрылысы, Өмірзақ ауы­лындағы №27 мектеп жап­саржайын қайта құру. Шығыс-1 тұр­ғын алабындағы мектеп құры­лысы биыл тамыз айында толық­тай аяқталып, пайдалануға бері­леді. Сондай-ақ 32А шағынау­дан­дағы мектеп жапсаржайының құрылысы басталды, желтоқсан айында аяқталатын болады, – де­ді А.Манкешова. Сонымен қатар басқарма бас­шысы жаңадан салынатын және күр­делі жөндеу жұмыстары жүр­гізілетін мектептер құрылысының са­пасына да тоқталып өтті.

А.ЖАСАНҰЛЫ