Ресейде жолаушылар автобусында жарылыс болып, 18 адам зардап шекті
Ресейде жолаушылар автобусында жарылыс болып, 18 адам зардап шекті
189
оқылды
Ресейдің Воронеж қаласында жолаушылар автобусында жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан 18 адам зардап шекті, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. Бұған дейін оқиғадан 14 жолаушы зардап шеккені туралы хабарланған болатын. Зардап шеккен үш адам ауыр халде жатыр. Аймақтың Денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, жарылыста аяқтарынан айырылған әйел көз жұмған. Зардап шеккендер арасында балалар жоқ. Оқиға кезінде автобустың ішінде 35 адам болған. Жарылыстың себептері мен мән-жайлары туралы ақпарат нақтылануда.