Шымкентте туыстарын жерлейтіндер ұзын-сонар кезекке тұратын жағдайға жеткен
Шымкентте туыстарын жерлейтіндер ұзын-сонар кезекке тұратын жағдайға жеткен
© azattyq-ruhy.kz
204
оқылды
Шымкентте коронавирустан қайтыс болғандар саны күн сайын артуда. Егер бұрын мәйіт қабылдайтын патологоанатомиялық бюро айына 60-65 адам мәйітін қабылдаса, қазір бұл көрсеткіш күніне 30-35 адамға жетіп отыр, - деп жазады otyrar.kz. Мұнда көз жұмғандардың денесі Шымкент пен Түркістан облысының ауруханаларынан жеткізіледі. Басым көпшілігі коронавирустан қайтыс болғандар. Шымкентте ауру жұқтырудың шарықтау шегі шілде айында шегіне жетіп, әлі күнге дейін жалғасуда. Таңертеңнен бастап Шымкенттегі патологоанатомиялық бюроға адамдар жиналуда. Автотұрақ көлікке толы, құжаттарды беруге арналған терезе алдында ұзын-сонар кезек. Бұл аса байқалмайтын ғимаратқа  қаланың бүкіл ауруханаларында және Түркістан облысының кейбір медициналық мекемелерінде қайтыс болғандардың мәйіттері жеткізіледі. Мұнда туыстарына марқұммен қоштасуға рұқсат етіледі. Көз жұмғандардың көпшілігі коронавирустан қайтыс болғандар.
«Егер бұрын бізге айына 60-70 адам әкелсе, қазір күніне 30-35 адам келіп түседі. Сонымен қатар олардың 80-90 пайызы коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандар, инсульттан немесе инфаркттан көз жұмғандардың 1-2 жағдайы кездеседі», - дейді дәрігер-патологоанатом Марат Тоқтасов.
Қабір қазушылар өз жұмыстарын әзер дегенде үлгеріп жатыр. Жерлеу рәсімі күні бойы тоқтаусыз өтуде. Табыт жасайтындар да тапсырыстың көп екенін айтады. Бірақ олар бұл туралы камераға қарап айтудан бас тартты. Жыл басынан бері Шымкентте коронавирустық инфекциядан 600-ден астам адам қайтыс болды. 22 науқас алдыңғы күні, кеше 14-і дүниеден озды. Шымкент қаласы бас дәрігерінің айтуынша, марқұмдардың туыстары мәйітті бірден жерлегісі келеді. Бірақ тәртіпке сәйкес мәйіт тек 2-3 күннен кейін беріледі.
«Көп адам хабарласып, денені алып кетейік деп сұрап жатады. Әсіресе, мұсылмандар. Біз оларға өлгеннен кейін мәйіт ауруханада 2 сағат жатуы керек екенін түсіндіреміз, содан кейін көліктегі арнайы мамандар патологиялық бюроға апарады. Онда міндетті түрде денені кеседі, біз мәйіттердің ашылмай берілмейтінін түсінуіміз керек», - дейді Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.
Мұнда мәйіттер өңделеді, ал туыстарына мата мен целлофанға салып, скотчпен орап береді. Мамандардың айтуынша, коронавирус мәйіт арқылы өзгелерге жұғуы мүмкін. Шымкентте коронавирустан, жүрек-қан тамырлары ауруларынан, инсульттан, онкологиядан, жол-көлік апаттары салдарынан күніне 100-ге жуық адам қайтыс болады.