Үкімет қаулысымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Мамандығы - инженер-экономист. Ол еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастады.
2002-2008 жж. Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған. 2008-2010 жж. – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары. 2010-2014 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметте болған. 2014-2018 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
2018 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы.