Президент Токио Олимпиадасының жүлдегерлерін марапаттады
Президент Токио Олимпиадасының жүлдегерлерін марапаттады
254
оқылды

Мемлекет басшысы Токио Олимпиадасында жүлде алған спортшыларды марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Токио-2020 ХХХII Жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін наградталсын: ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Сметов Елдос Бақтыбайұлы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы; ІІ дәрежелі «Достық» орденімен Чиншанло Зульфия Салахаровна «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы; «Құрмет» орденімен Асаділов Дархан Абсадықұлы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Берульцева Софья Полихроновна, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Бибосынов Сәкен Исмадиярұлы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Қоңқабаев Қамшыбек Бисенбайұлы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Санаев Нурислам Валентинович, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Сон Игорь Сергеевич, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев.