Ведомствоның мәліметінше, 13 тамызда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып жарияланған.
"Радио қызметкерлерінің кәсіби күні отандық радионы одан әрі дамытуға қосымша ынталандыру болады деп болжануда", - делінген министрліктің хабарламасында.
Осы ретте, ведомство Қазақстанда радиохабар тарату 1921 жылдың қазан айында басталғанын айтты.