«Бұзақы полицейлер» жазасын алды
«Бұзақы полицейлер»  жазасын алды
209
оқылды

11 тамыз күні түнде Қапшағай қаласындағы «Дель-Мар» дәмханасының алдында бірнеше адам тамақтану мекемесінің екі күзетшісін соққыға жыққан оқиға сыртқы бейнебақылау камераларына түсіп, кейін кадрлар әлеуметтік желілерде таралды. Видеода төбелесті бастаған Қапшағай полиция бөлімінің жедел қызметкерлері екені айтылады.

Кейін белгілі болғандай, жа­былатын уақыт келгендіктен кү­зетшілер қонақтардан дәмхананы босатуын сұраған екен. Ішімдікке тойып алған төртеу оған наразы бо­лып, күзетшілерді сөйлесуге да­лаға шақырыпы. Дәмхана аула­сы­на шыққан соң оларды соққының астына алған. Оқиға орнына па­труль­дік жасақ жеткеннің өзінде де, олардың бірі полиция қызмет­кері, Мәдибек есімді жедел уәкіл машинаның багажынан автомат алып шығып, формадағы полиция қызметкерлері тұрғанына қара­мас­тан, оны күзетшілерге кезеп қорқытқан. Енді бүгінде Қапшағай қала­сының полиция қызметкерлері жұмыстан босатылды. Алматы об­лысының Полиция департаменті ішкі қауіпсіздік қызметі мен кадр­лар бөлімінің қызметкерлері тек­серу жұмыстарын бастағанын ха­барлады. Бұл іс Қылмыстық ко­декстің 293-бабы 2-бөлігі «Бұ­за­қылық» бойынша тергеліп жатыр. «Полиция қызметкерлерінің оқиғаға қатысуы – өрескел қа­телік. Олар теріс іс-әрекеттері үшін Ішкі істер органдарынан шы­ғарылды. Олардың әрқайсысы­ның кінәсі қылмыстық істі тергеу барысында анықталып, сара­ла­на­ды. Қолас­тын­дағы қызметкерлері­нің тәр­тіп­сіздігіне жол берген бас­­шылары­ның жауапкершілігін қызметтік тергеу нәтижелері бо­йын­­ша қарас­тырамыз», – деді об­лыстық Поли­ция департамен­ті­нің бастығы Серік Қүдебаев.

Нұрлан ҚОСАЙ