Алматыда егеуқұйрық қаптап жатыр
Алматыда егеуқұйрық қаптап жатыр
645
оқылды

Шаһар тұрғындары «көп­қабатты үйлерде уақытылы улау жұмыстары жүргізіл­ме­гендіктен, кеміргіштер кө­бейіп жатыр» деп дабыл қақ­ты. Ең қиыны сол, азаматтар «егеуқұйрық вирус таратады» дегенге сене бастаған.

Осы күні егеуқұйрықтар әлем­дегі ірі мегаполистердің ең басты проблемасына айналған. Алма­тыда да бұл мәселе шешімін тап­пай келеді. Олармен күресудің жалғыз жолы – улап, көздерін жою. Мұндай улау шарасы қалада екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең маусым-шілде айында іске ас­қан. Келесі кезең қыркүйек айын­да басталады. Қала бойынша барлығы 47 мың гектар жер залал­сыздандырылған. – Егеуқұйрықтармен күресу үшін жыл сайын қала бюджетінен 100 миллион теңге бөлінеді. Кә­сіп­орынның қызметкерлері, мер­дігер ұйым, мобильді топты қос­қанда 75-тен аса адам осы жұмыс­қа жұмылдырылады. Мобильді топ жеке үйлерге, тұр­ғынжайларға шығып дәрі ша­шады, – дейді Алматы қаласы Энерготиімділік және инфра­құрылымды дамыту басқарма­сының бас маманы Айдын Сылбырбаев. Егеуқұйрықтар негізінен ба­зарлар мен қоқыс айналасын мекендейді. Сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындары – кеміргіш­тердің көбейетін ордасы. Медеу ауданында дәмханалар мен мей­рамханалар көп. Сондықтан осы аумақтың тұрғындары көп ша­ғымданады. Егеуқұйрықтар Түрксіб, Алатау, Жетісу ауданда­рын­дағы ескі үйлердің маңында да жиі кездеседі. Құтыру, тулере­мия және листериоз сияқты ауру­лар­ды тарататындықтан, кемір­гіш­­тер адам өміріне қауіпті са­налады. – «Егеуқұйрықтар корона­вирус тарата ма?» деген сұрақ жиі қойылады. Жоқ, олай емес. Себебі вирусты таратушы – адам ағзасы, бұл дәлелденген. Сондық­тан егеуқұйрықтар вирус тарат­пайды, – деп отыр Алматы қаласы СЭБД басшысының орынбасары Әсел Қалықова. Егеуқұйрықтарды жою үшін жыл сайын жаңа дәрілер қол­дануға тура келеді. Бір маусымда се­білген химиялық уға кеміргіш­тердің ағзасы үйреніп, тұрақты им­мунитет қалыптасады екен. Ке­міргіштерден құтылу үшін ал­ма­тылықтарға күз мезгілін күт­кен­нен басқа шара жоқ.  

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ