Биыл 77,5 мың бала жергілікті бюджет есебінен спорт секцияларымен қамтамасыз етіледі
Биыл 77,5 мың бала жергілікті бюджет есебінен спорт секцияларымен қамтамасыз етіледі
Moment of Taekwondo Kids in the stadiums. Athlete to strike an opponent during the tournament taekwondo kids.
151
оқылды
Болашақта спорттық жарыстарда үлкен жетістіктерге жету үшін 2021 жылы 77,5 мың бала мен жасөспірім спорттық секциямен қамтамасыз етіледі. Бұл жергілікті бюджет есебінен жүзеге асады, – деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов. Бұл туралы Informburo.kz агенттігі жазды.
"Республика бойынша бұқаралық спортқа арнап 16 миллиардтан астам теңге бөлінді. Биыл мемлекеттік шығармашылық-спорт тапсырыстар, үйірме және секциялар бойынша жан басын қаржыландыру әдісі енгізілді. Ол 21 мамырдан бастап жүзеге асып келеді. Қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі", – деді вице-министр.
Сондай-ақ, Ерлан Қожағапанов кепілхат беру процесінің толықтай автоматтандырылғанына тоқталды. Осы орайда artsport.edu.kz жүйесі іске қосылған.
"Бұл жүйеге республикалық деңгейдегі барлық қала қосылған. Мемлекеттік тапсырыс аясында биылдың өзінде 4-17 жас аралығындағы 77,5 мың бала мен жасөспірім спорттық секциялармен қамтамасыз етіледі. Мемлекет басшысы тапсырмасы толықтай жүзеге асқанда 4 миллион баламызды спорт секциясына жергілікті бюджет есебінен қатыстыра аламыз. Аталған шараларды іске асыру бұқаралық спорт, соның ішінде бірінші кезекте балалардың спорттағы жетістіктерін жақсартуға мүмкіндік береді", – деді ведомство өкілі.