Терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігімен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының төрт тұрғыны қамауға алынды, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"13 тамызда ұлттық қауіпсіздік қызметі жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының төрт тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынған. Олар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болып табылады", – делінген хабарламада.
Ведомство өзге мәлімет тергеу құпиялығын сақтау мақсатында жария етілмейтінін атап өтті.