Ақтөбеде жол талғамайтын көлік аударылды: жүргізуші көз жұмды
Ақтөбеде жол талғамайтын көлік аударылды: жүргізуші көз жұмды
Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
275
оқылды

Ақтөбеде Toyota Land Cruiser жолдан шығып кетіп, аударылды. Салдарынан жүргізуші қаза тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты 13 тамызда сағат 17.20-да Покровка-Жаңажол тасжолында болды. Ақтөбеден Темір ауданының Кеңқияқ кентіне қарай бағыт алған Toyota Land Cruiser автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Темір қаласының маңындағы Покровка-Жаңажол жергілікті маңызы бар автожолының 21-шақырымында көлігін басқара алмай, оң жаққа аударылғаны анықталды.  /></em>

Апат салдарынан <a href=көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал 46 жастағы жолаушы Кеңқияқ ауылдық ауруханасына жатқызылды. ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жолда жүру ережесін бұзу" бойынша тергеу жүріп жатыр.