Президент Ауғанстандағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды
Президент Ауғанстандағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды
Сурет: malim.kz сайтынан алынды
223
оқылды
Мемлекет басшысы Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Тwitter-дегі парақшасында жазды.
«Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткіздім. АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Ахуал мұқият бақылауда», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.