Павлодарда болған жол апаты видеоға түсіп қалған
Павлодарда болған жол апаты видеоға түсіп қалған
Фото: Видеодан
155
оқылды
Павлодарда төрт бірдей көлік жол апатына ұшырады. Бірнеше адам жарақат алды: жолаушылар орындығынан жерге құлап түскен әйел ауруханаға жеткізілді. Pavlodarnews.kz порталының хабарлауынша, жол апаты 15 тамызда түнгі бір шамасында болған. Назарбаев даңғылы мен Чокин көшесінің қиылысында болған жол апатының жазбасы видеотіркеуішке түсіп қалған. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы 37 жастағы зардап шегушінің жағдайы туралы хабарлады.
- Әйел адам көп жарақат алған. Мидың шайқалуы, ұршық пен жамбастың жабық сынығы, оң жақ 5-6-7 қабырғалардың сынығы және екінші дәрежелі жарақаттық шок анықталды, - деді басқармада.
Әйел адам №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.