Шымкентте 13 мыңға жуық адам көлік әйнегін қараңғылағаны үшін жауапқа тартылды. Бұл жайында қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шымкент ПД патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жыл басынан бері мұндай 12 950 автокөлікті анықтаған. Жүргізушілерге қатысты ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі "Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.