Жамбыл облысының Аспара-Шу аралығындағы темір жол қатынасын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Осы аталған учаскеде Меркі ауданының тауларында жауған жаңбыр салдарынан жергілікті автожол мен теміржол көпірінің негізі шайылып кеткен болатын.
Бір жол бойынша пойыздар қозғалысы түнгі сағат 02.15-те ашылды. Бірінші болып контейнерлік пойыз, одан кейін Шымкент – Нұр-Сұлтан бағытындағы №712 «Тальго» жолаушылар пойызы жіберілді. Қарсы қозғалыс таңғы сағат 8.20-да ашылды.
Қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарына арнайы теміржол және автотракторлық техника, теміржол көлігінің 75 қызметкері жұмылдырылды.