Алматыда 76 жастағы зейнеткер немересімен бірге есірткі өсірген
Алматыда 76 жастағы зейнеткер немересімен бірге есірткі өсірген
©kyzylorda-news.kz
131
оқылды

Алматы қаласы Алатау ауданындағы «Әйгерім» ықшамауданында тұратын 76 жастағы әжей немересімен бірге үйінде қарасора мен марихуана есірткілерін заңсыз өсірген.

Г. есімді әйелдің тұрғылықты жерінен жедел-іздестіру барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес 117 бұта табылды және тәркіленді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі – кептірілмеген марихуана болып шықты. Жалпы салмағы – 6 келі 680 грамм.

Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғановтың айтуынша, қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.