Теміртау тұрғыны бэтмобилін 425 миллионға сатылымға шығарды
Теміртау тұрғыны бэтмобилін 425 миллионға сатылымға шығарды
Фото: instagram.com/kolesa.kz
274
оқылды
Бэтмобиль құрастырып шыққан Евгений Бондаренко өнертабысын 425 миллион теңгеге сатылымға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Теміртаулықтың айтуынша, ол өз жоспарын жүзеге асырып, бэтмобиль құрастырып шығарған. Қазір ол сатуға дайын. Евгений оны құруға үш жылдан аса уақыт кеткенін айтты.
“Мен оны өзімді сынап көру үшін жасағым келді. Міне, істей алатынымды дәлелдедім. Сондықтан, біз тек алға жылжуымыз керек деп ойлаймын. Оны сатуды ұйғардым. Бағасы - 425 миллион теңге. Мен қазақстандықтарға жол талғамайтын көліктерді сатып, дилерлік қызмет көрсетемін. Мүмкін, болашақта олардың өндірісі елімізде ашылатын шығар. Жалпы, көптеген жоспарым бар. Мүмкін, қандай да бір заманауи электромобиль жасайтын шығармыз", – деді Евгений Бондаренко.