Алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды
 Алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды
Фото: 24.kz
189
оқылды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 17-19 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, ауқымды антициклон Қазақстан аумағына ықпал етіп, жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста фронталь бөліктерге байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ және екпінді жел болады деп күтіледі.
"Күндіз температура солтүстікте 25-32 градусқа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 25...37 градусқа дейін, орталық пен шығыста 20-31 градусқа дейін көтеріледі. Тек Қазақстанның батысында ауа райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы 32-43 градусқа дейін ыстық болады", – делінген хабарламада.